Мұғалімдер күніне орай елордалық оқытушыларға пәтер кілттері табысталады

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Астанада Мұғалімдер күні мерекесіне орай 7 оқытушыға пәтер кілті табысталады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Білім басқармасынан хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы ауданынан 4, Сарыарқа ауданынан 2 және Есіл ауданынан 1 оқытушыға пәтер беріледі.

Салтанатты рәсім 4 қазанда Конгресс Холл сарайында өтеді. Сонымен қатар, бұл күні үздік білім мекемелеріне гранттар бөлінеді. Марапаттау «Үздік бала бақша-2013», «Үздік мектеп -2013», «Үздік қосымша білім беру мекемесі-2013», «Үздік колледж-2013», «Үздік арнайы білім мекемесі - 2013», «Жыл оқытушысы-2013» аталымдары бойынша жүргізіледі.

Бұдан басқа, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Лаки Кесоглу, Бауыржан Исаев, Нұрлан Абдуллин, Ринат Малцагов, Альбина Оганесян, Марина Бисеханова, Володя Ким, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, «Астана Опера» МОБТ және Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары.