«Біз адам капиталын дамыту саясатын жалғастырамыз. Бұл бағытта, ең алдымен, не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау. Барлық тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету... Міне осы мәселелер бойынша біздің тұтас бағыт-бағдарымыз бар», - деді Президент.
Мемлекет басшысы мұғалімдер мен дәрігерлерге қолдау жасалатынын атап өтті.
«Біз мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті мүмкіндіктер жасаймыз», - деді Қ. Тоқаев.