Мұғалімдер жаңа заңның игілігін сезінуі тиіс - Тоқаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыруды арттыру керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім саласыэкономиканың дамуына ықпал ететін маңызды бағыт. Тіпті, экономиканың толыққандыбір саласы деп айтуға болады. Дегенмен, бүгінде түйіні шешілмеген бірқатармәселелер бар. Қала және ауыл мектептерінің білім беру сапасында әлі күнгедейін айтарлықтай алшақтық сақталып отыр. Апаттық жағдайдағы және үш ауысымдымектептердің мәселесі әлі де өзекті», - Қ. Тоқаев.

Бұдан бөлекПрезидент білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мардымсыз екенінатап өтті.

«Аталғанмәселелерді шешу үшін «Педагогтың мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр.Бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау қажет. Ең басты мақсат – мұғалімдер осызаңның игілігін, пайдасын сезінуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатарПрезидент елімізде ғылымды қаржыландыру деңгейі қажетті сомада емес екенін, бұлретте Ішкі жалпы өнімге шаққанда ғылымды дамыту үлесін арттыру керектігінайтты. Осы орайда Үкімет пен ғылыми қоғамдастыққа ғылымды дамытуға кедергіболуы мүмкін жағдайларға талдау жүргізу тапсырылды.

«Жоғарыда аталғанмәселелерді әзірленіп жатқан білім және ғылымды дамытудың мемлекеттікбағдарламасында ескеру керек», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар