Мұғалімнің мәртебесінен бұрын айлығын көтеру керек – Рахым Ошақбаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рахым Ошақбаев елдегі білім саласына Ұлттық қордан жыл сайын қосымша қаржы бөлуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық қоғамдықсенім кеңесінің қызметіне арналған дөңгелек үстел барысында сарапшы РахымОшақбаев білім саласының қордаланған мәселелерін қозғады.

«Сөз жоқ, білім беру саласындағы жаңартылған бағдарламамен көптеген инновациялар өте дұрыс. Бірақ, барлығы жеткіліксіз қаржыландыруғакеліп тіреледі. Қазір педагогтардың жалақысы барлық салалардың ішінде ең төмені екенін білеміз. Мұғалімнің мәртебесі мен беделіне қатыстықаншама заңдар қабылдасақ та, негізгі мәселе еңбекақы болып қалатынын ұмытпаукерек. Қазір мектеп түлектерінің арасында педагогикалық мамандық таңдау еңсоңғы орында. Былтыр 8 мыңнан астам грант бөлінсе, соның 4 мыңнан астамына 50-51 балл жинағанталапкерлер ие болған. Біз болашақ балаларға заманауи құндылықтар сіңіру ісіносындай деңгейдегі талапкерлердің қолына тапсырып отырмыз деген сөз. Бұлмәселені тек еңбекақыны көтеру арқылы ғана ретке келтіруге болады», - дегенРахым Ошақбаев ұстаздардың айлығын өсіруге келер жылдан бастап нақты кірісудіұсынды.

«2020-2021 жыдланбастап барлық мұғалімдердің еңбекақысын көтеру қажет деп санаймыз. Оның көлеміөңірдегі орташа еңбекақыдан аз болмауы керек. Мұғалімдікке түскен студенттердіңшәкіртақысын көтеру арқылы бұл мамандықты таңдауға экономикалық стимул қалыптастыру керек. Президент Қасым-ЖомартТоқаев білімге бөлінетін шығын көлемін жалпы ішкі өнімнің 5 пайыз деңгейінекөтеру керектігін айтты. Біздің ойымызша, бұл 5 пайызды мемлекет мойнына алуыкерек. Бұл ретте Ұлттық қордың қаржысын іске қосуға болады. Өйткені Ұлттық қор– ертеңгі ұрпақтың қоры. Қазір қолда бар бюджеттік шығындарға қосымша Ұлттыққордан жыл сайын 2 млрд доллар қаражат білім саласына бөлінуі керек», - дедіҰлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Аталмыш дөңгелекүстелден кейін Ерлан Саиров журналистерге Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қала мүше болғанын айтыпберді.

Ерлан Саировтыңпікірінше, Ұлттық кеңестің құрамы өзгеріптұру керек.

Сондай-ақ,саясаттанушы Алуа Жолдыбалина Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің өзіне елдіңсенімі қалыптасып болмағанын айтқанболатын.