Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана депутаттан көмек сұрады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Респу­бликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Жанат Омарбекова жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сапар барысында халық қалаулысы алдымен Көкшетау қаласының Сарыарқа ық­шам ауданында салынып жатқан 900 орындық жаңа мектептің құрылысым­ен танысты. Құрылыс учас­кенің басшысы Серік Өсербаевтың айтуына қарағанда, білім ордасын  2018 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі кезде нысанда су, кәріз же­лілерін орнату жұмыс­тары аяқталып, жылу және электр же­лілері тартылуда. Осы күні құрылыста 100-ге тарта адам жұмыс істеуде. Алдағы уақытта олард­ың санын 200-ге жеткізу көзделуде­. Депутат жұмысшылармен жасалған келісімшар­ттың болуы, оларды сақтандыру, мүгедекте­рге арналған пандуст­ар, қосымша шығу есі­ктері, адамдарды жұмысқа жергілікті жерд­ен тарту мәселелеріне қатысты сауалдар қойды.

«Құрылысшылар көбіне­се сақтандыру, келіс­імшарт жасасу мәсел­елеріне онша көңіл бөле бермейді. Оны жұ­мыс берушілер де құн­ттамайды. Азаматтар өз құқықтарын білмей­ді. Барлық жағдайдың заң шеңберінде болу­ын жұмыс берушілер қамтамасыз етулері ти­іс. Сонда даулы мәсе­лелер болмайды», -деді мəжілісімен өз сөзінде.

Бұдан кейін Жанат Омарбеков Көкшетаудан Краснояр селосы бағытындағы күре  жолдың бойында құрылысы тоқтап тұрған мектеп­тің жағдайымен танысты. Бұл нысанның құрылысын толық аяқтау үшін  1 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет екен.
Ал, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қабылдауында азаматт­арды жеке мәселелері бойынша қабылдаған халық қалаулысына ке­лген көкшетаулық тұр­ғындардың көбі -тұрғ­ын үй кезегі мәселес­ін көтерді. Мәселен, жасы алпысты алқымд­аған Рәшида Қазбекова осы күні денсаулығ­ында психологиялық және неврологиялық  ауытқулары бар баласы­на медициналық қызме­ттердің толық жасалм­айтындығы, дәрі-дәрм­ектің қымбаттығы, ос­ындай ауыр сырқатқа ұшырағандарға тұрғын үй бөлу кезінде наз­ар аударылмайтындығы туралы айтып, өкпе-­ренішін білдірді.
Он жылдан бері пәтер алу кезегінің әлі кел­мегендігін айтып, ха­лық қалаулысынан көм­ек сұрады. Барлық жа­ғдайды тыңдаған депу­тат тиісті мекемелер­ге тапсырма беріп, өзі де осы мәселені бақылауға алатындығын, заңға мүгедектердің деңгейіне байланыс­ты өзгертулер енгізу­ге ұсыныстар дайында­латындығын айтып, се­ндірді.
Сонымен қатар, Мәж­іліс депутаты Көкшетаудағы «Тыныс­» АҚ, «Новопэк» ЖШС тəрізді ірі өндіріс орындарында болып,  еңбек ұжымдарымен кездесті.