Айыпталушы – 33 жастағы әйел. Оның өзі мүгедек. Сөйлемейді, құлағы естімейді. Сот залында ол арнайы сурдоаудармашының көмегімен жауап беріп отырды. Бірақ күдікті өзіне тағылған айыптардың бірін де мойындамайтынын жеткізді. Сондай-ақ өздерін түсіруге қарсылық білдірді. Судья олардың талаптарын қанағаттандырды.
Айта кетейік, күдіктінің үстінен бастапқыда ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
«Тергеу барысында іс ҚР ҚК 110 бабы 2 тармағы бойынша қайта сараланды. Бұл бап бойынша жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл қарастырылған», - деді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Аржан Сәдуақас.
Естеріңізге сала кетейік, орталықта бейнебақылау камерасына түскен кадрлардағы жайт көпшіліктің жағасын ұстатты. Ерекше балаларды ұрып-соғу оқиғасын бас прокурор бақылауына алған болатын.