- Мен немере ағамның жұбайы, жеңгемді іздеп келдім. Жасы 42 де. Екі баласы бар. Ол Шешенстанға қызына бара жатқан еді.
Жеңгем бортта болғандардың тізімінде тұр. Бірақ, қаза тапқандар мен тірі қалғандардың арасынын таппай жатырмыз. Мүгедек болсада көз алдымызда тірі болғаны жақсы ғой, үмітімізді үзбейміз, - дейді Әзербайжан азаматы.
Айта кетейік, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханада ұшақтан зардап шеккен 19 адам емделуде. 1 науқастың жеке басы әлі анықталмаған. Себебі, әйелдің бет әлпеті қатты жарақаттанған әрі, құжаты табылмаған.
Бірақ, дәрігерлердің айтуынша, әйел шамамен 60 жаста.
Бұған дейін, ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың бас сүйектері мен өкпелері жарақаттанғанын жазған болатынбыз.