Мүгедек студентті автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысқа қайта алынды
«Көру қабілетіне байланысты мүгедектігі бар кәмелеттік жасқа толмаған колледж студентін түсіріп кеткен жүргізушіге қатысты жағдайды түсіндіргім келеді. Біз мән-жайды анықтау үшін тараптарды шақырдық. Кездесуге баланың туыстары, автобус паркінің директоры және жүргізуші келді. Мән-жайды анықтағаннан кейін баланың туыстары мен жүргізуші бір-бірін түсінді. Олар жүргізушіге кешірім жасады және әңгімелесу соңында әкімнен жүргізушіні жұмыстан шығару туралы тапсырмасын қайтып алуды өтінуге шешім қабылдады. Жүргіуші жұмысына қайта тұрды», - деді ол.
Сонымен қатар, ол бұл жағдай өзге жүргізушілерге де сабақ болуы тиістігін және міндеттемелеріне барынша жауапкершілікпен қарауға үйренуі қажеттігін атап өтеді.
«Аязды күндері қандай жағдай болса да ешкімді түсіріп кетуге болмайды. Ал жолаушылар жол ақысын уақытылы төлеуі қажет», - деді Бекмырза Игембердиев.