Оның хабарлауынша, ондай оқиғалардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысында анықталды. Көксай медициналық-әлеуметтік мекемесі қариялардың зейнетақы жинақ ақшаларын екі жыл бойы жымқырып келген. «Стоматологиялық көмек» ретінде ұрланған ақшаның жалпы көлемі 1 млн. теңгеден асты. «Облыста барлық психоневрологиялық мекемелерде санитарлық және өртке қарсы ережелер сақталмайды», - дейді А.Дауылбаев. Бас прокурор атап көрсеткендей, Екібастұз қаласында мүгедектерге тиесілі гигиеналық заттар төрт есе аз көлемде беріліп келген. Осылайша, бюджет қаржысы талан-таражға салынды.
17:40, 07 Қараша 2013
Мүгедектер мен қарттардың ақшасы талан-таражға салынып жатыр - бас прокурор А.Дауылбаев
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінде мүгедектер мен қарттар үйіне түсетін қарияларды күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаржысы талан-таражға салынып жатыр. Бұл туралы бүгін мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған алқа мәжілісінде ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.