«Енді, біздің қолымызда не бар? Меніңше, арнайы бағдарлама әзірлеу керек. Мәселен, бүгінде елімізде 450 мың мүгедек тіркелген болса, олардың 200 мыңы спортпен айналысады деген мәлімет бар. Міне, олар үшін сан алуан спорттық нысандарды салған кезде барлық жағдайларды ескеру қажет. Ал, ең бастысы, осы санаттағы азаматтар үшін кіру тегін болуы шарт. Әрине, оған қосымша қаражат қажет болады», - дейді Т.Ермегияев.
16:52, 20 Тамыз 2012
Мүгедектер спортын дамыту үшін арнайы бағдарлама қажет - Т.Ермегияев
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияевтың ойынша, Қазақстанда мүгедектер спортын дамыту үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдау қажет.