Мүгедектер үшін бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Ертең елордада мүгедектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған бос жұмыс орны шағын жәрмеңкесі өтеді.

 Оған осы санаттағы азаматтарға бос жұмыс орны бар жұмыс берушілер шақырылды, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

Іс-шара «Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел аясында жоспарланған. Семинарға мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жұмыспен қамту жеке агенттіктері қатысады.