Министрдiң айтуынша, мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға арналған әлеуметтiк төлемдер екi кезеңмен көтерiледi. Бiрiншi кезең - 2014 жылдың 1 сәуiрiнде, ал екiншi кезең 2015 жылдың 1 шiлдесiнде жүзеге аспақ.
"Осы екi жылдың iшiнде мүмкiндiгi шектеулі азаматтарға берiлетiн әлеуметтiк төлемдердiң көлемi 50 пайызға артады. Егер 1 топ мүгедегi бұған дейiн 25 мың теңге алып келсе, 2015 жылдың шiлдесiнен бастап, ол 38 мың теңгеге дейін көтерiледi", - дедi ол.