Мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыруда халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған конференция өтті
және гендерлік теңдіктің алға басуы. Құқықтарды нақтыландырамыз» атты Орталық Азия және ТМД елдері конференциясының бірлесіп ұйымдастырушысы болды. Конференция БҰҰ Азия мен Тынық мұхиты елдерінің экономикалық және әлеуметтік комиссиясы, «Кюннюс» Қауымдастығы (Финляндия) және тағы басқалардың қолдауы бойынша «Шырақ» мүгедек әйелдер Қауымдастығымен өткізілді. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінен хабарланды.
Конференция жұмысында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, халықаралық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Халықаралық конференция аясында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кұкықтарын жүзеге асыру, мүгедек саласында гендерлік теңдіктің алға басу мәселелері талқыланды және Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қазақстанда мүгедек адамдарды қорғау жөнінде ұстанымы баяндалды.
Аталған конференцияның қорытындысында ұсыныстар қабылданды, олар тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын толық көлемінде жүзеге асыруға кепілдік беретін шара қабылдаудың маңыздығы туралы, Қазақстанның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау маңыздылығы және оның адамдардың құқықтарын қорғау жүйесінде елеулі рөлі жөнінде форумға қатысушылар жалпылама пікірлер білдірді.