Мүгедектерге Эверестке көтерілуге тыйым салынуы мүмкін
22:21, 28 Қыркүйек 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непал билігінің өкілі ел үкіметінің мүгедектер мен 75 жастан асқан адамдарға Эверест пен Гималайдың басқа да биік нүктелеріне қауіпсіздік мақсатында көтерілуге тыйым салу туралы ойластырып отырғанын мәлімдеді.
Үкімет сондай-ақ бұған дейін 6,5 мың метрден биікке шыққан адамдарға ғана көтерілуге рұқсат беру жоспарының енгізілуін қарастырып отыр.
Мұндай ұсыныстар Непалдағы жер сілкінісі салдарынан болған қар көшкінінен бес айдан кейін айтылды.