«2018 жылы министрлік халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мемлекеттік қызметін автоматтандырылған режімде көрсету бойынша қанатқақты жобаны елдің 4 өңірінде апробациялауда», - деді министр.
Оның атап өтуінше, осы жаңа тетік өтініш берушінің құжаттарды арқалап, түрлі мекемелерде кезекте тұруын болдырмауға мүмкіндік береді.
«Оның орнына азаматтар жеке өздері бармай, медициналық деректері негізінде сырттай куәландырудан өтеді. Бұл қанатқақты режім бүгінде Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында іске асырылып жатыр. Қалған өңірлерде 2019 жылдан бастап жүзеге асырамыз», - деп түйді М. Әбілқасымова.