Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Бірінші топтағы мүгедек, бір аяғынан айрылған азаматтан арбасын белгісіз біреу тартып алған. Жергілікті полицейге арызданған 50 жастағы жəбірленушінің сөзінше, оның затын көшеде күштеп алып кеткен.
«Тұрғынның арызынан кейін бірден іздестіру жұмыстары басталды. 28 жастағы Есік қаласының тұрғыны күдікті ретінде анықталды. Оның үйін тінту барысында мүгедек арбасы табылды. Қазір ол зат өзінің иесіне қайтарылды»-деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Мүгедектің затын күштеп əкеткен тұрғын ұрлықты ішімдік ішіп жасағанын айтты жəне ол арбаны өзінің мүгедек туысына сыйлауды көздепті. Қазір «Тонау» фактісі бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Күдікті арнайы қолхат арқылы жіберілді.
20:02, 10 Сәуір 2017
Мүгедектің арбасын тартып алған тұрғын ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында мүгедек арбасын тартып алған тұрғын ұсталды. 28 жастағы күдікті азамат мұндай қадамға туысы үшін барғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.