Мұхамедиұлы - Головкинге: Біз сенің жеңісіңмен мақтанамыз

None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жектегі кезекті жарқын жеңісімен құттықтады.

 Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 «Қымбатты Геннадий Геннадьевич! Сені бүгінгі жеңісіңмен және өз атақтарыңды табысты қорғауыңмен құттықтаймын! Күшті әрі лайықты қарсыласыңмен адал тартыста қайтпас қайсарлығыңды, өр рухыңды және тамаша  дайындығыңды көрсеттің. Көшбасшы екеніңді кезекті рет дәлелдеп, халықаралық деңгейде Қазақстан имиджін көтердің», - делінген  боксшыға жіберілген министрдің жеделхатында.

Бұл жеңіс көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында бокссүйер қауымға және қазақстандық жанкүйерлерге өте жақсы сыйлық болды, деп атап өтті Мұхамедиұлы.