«Биатлонистер халықаралық одағының тұрақты басшысы және ірі кәсіби тәжірибесі бар спорт менеджері ретінде сіз биатлонның барша әлемдегі дамуына елеулі үлес қосудасыз. Қазақстан қысқы спорт түрлерінің дамуына, соның ішінде қазақстандықтар арасында биатлонның танымалдығын арттыруға ерекше мән береді», - деді министр.
Сонымен қатар ол Қазақстандағы биатлонның дамуы мен өзекті мәселелерін шешуде халықаралық ұйыммен жан-жақты ынтымақтастыққа дайындығын растады.
Өз кезегінде Андерс Бессеберг Бүкіләлемдік студенттер ойындарының дайындық деңгейіне ризашылығын білдірді.
«Қазақстанға көрсетіп жатқан қонақжайлығы мен Универсиаданы ұйымдастырудағы жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс білдіремін. Студенттік спорт жоғары көрсеткіштер спортының дамуында айрықша маңызды орын алады, ал сіздің еліңіз бүгінгі таңда дүниежүзіне әлемдік спорттағы жаңа белестерді бағындыруға ұмтылысын көрсетіп жатыр», - деп пікірін білдірді халықаралық маман.
Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әңгіме барысында қазақстандық ведомствоның басшысы мен IBU жетекшісі ортақ бастамалар бойынша бірқатар ұсыныстарды, халықаралық одақтың түрлі бағдарламаларын, соның ішінде балалар-жасөспірімдер спорты, мамандарды даярлау, сапалы жаттығу үрдістерін ұйымдастыру және т.б. салалардағы бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.
Айта кетейік, 31 қаңтар күні Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындары барысында қазақстандық биатлоншы қыздар алтын мен күміске медаль иеленді. Ал отандық ерлер құрамасы 20 км қашықтыққа бағытталған жеке жарыста бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмады.