Ведомство басшысы спортшыларға, спорт қызметкерлері мен ұлттық паралимпиада және олимпиада комитетінің басшыларына мақтау грамоталарын табыстады.
Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейрода ҚР Жүзу құрамасының қатысушысы Зульфия Габидуллина Паралимпиададан ел тарихында алғаш рет алтын алтын медаль иеленсе, пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева күміс медальды қанжығасына байлады. Рио ойындарында 22 спорт түрінен барлығы 528 паралимпиада медалі ойнатылды.