Мұхаммед Алидің ақырғы күндері таяу

None
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Атақты боксшы Мұхаммед Али қауіпті сырқатқа шалдықты және таяу уақытта жарық дүниеден озуы мүмкін.

Бұл туралы Daily Mail боксшының ағасы Рахман Алиге сілтеме жасап жазады.

Рахманның айтуынша, қазір 71 жастағы чемпионның сөйлеуге қауһары жоқ және ағасын танудан қалған. Мұхаммед Али «бірнеше айдан соң, мүмкін бірнеше күннен соң қайтыс болуы мүмкін», - деп қосты ол.

Спортшының зайыбы оған туғандарын кіргізбеуде және оның қазіргі жағдайына қатысты ешбір пікір білдірмеуде. «Али мәңгілік адам. Оның есімі ғасырлар бойы сақталады», - дейді Рахман. Ол сондай-ақ М.Али бұған дейін өзінің қабірінде Мартин Лютер Кингтің: «Мен жалаңаштарды киіндіруге тырыстым, ашыққандарды тамақтандыруға тырыстым» деген сөздері жазылуын қалағандығын жеткізді.

М.Али 1942 жылы 17 қаңтарда Луисвиллде дүниеге келді. Орта ауыр салмақта Олимпиада чемпионы, кәсібилер арасында ауыр салмақта үш дүркін әлем чемпионы. Соңғы 27 жыл бойы боксшы Паркинсон сырқатымен ауырады.