Әйгілі Мұхаммед Әлидің көптеген заттарына иелік ететін коллекционер Джефф Розенберг спортшының бір жұп қолғабын аукционда сатуға ұйғарды. Саудаға қойылған қолғаппен Мұхаммед Әли 1971 жылы Madison Squaren Garden-де Джо Фрейзермен тарихи жекпе-жек өткізген болатын.