1965 жылы 25 мамырда Кассиус Клей атымен шығып жүрген ауыр салмақтағы Әли осы қолғапты киіп Сони Листонды жеңген. Бірінші кезеңде Әли қарсыласын нокаутқа жіберген.
2014 жылдың тамызында Кливлендтегі бәссаудада Әлидің Джо Фрейзермен кездескенде киген қолғабы сатылған. Белгісіз біреу бұл лотты 388,3 мың долларға сатып алған.
Өткен жылдың ақпанында алғаш рет ауыр салмақтағы әлем чемпионы атанған жекпе-жекте киген қолғабы 836,5 мың долларға сатылған.
Мұхаммед Әли 1964 жылдан 1966 жылға дейін, кейін 1974-1978 жылдары аралығында ауыр салмақтағы әлемнің абсолютты чемпионы болған. 1960 жылы 81 келі салмаққа дейінгі дәрежеде олимпиада чемпионы атанған.