Атақты спортшы 1964 жылы нақ осы қолғаптарды киіп жұдырықтасқанында ауыр салмақ бойынша әлем чемпионы атағын иеленген болатын.
Сауда алдында бұл қолғаптар құны шамамен жарты миллион долларға бағаланған еді. Лотқа барлығы 11 сатып алушы қатысқан. Құнды қолғап иесінің есімі құпия сақталып отыр.