Шенеунік сөзін айтқан соң, бірден: «Кешіре гөр, Алла» деп, келесі күні ресми түрде кешірім сұрады. Алайда Мысырдың премьер-министрі оны қызметінен босатты.
Мысырдың сот қауымдастығы осындай шешімге сын айтты. Олардың бірі бұл жай ғана сөз екенін, шенеунікті сол үшін қызметтен босату дұрыс болмағанын айтты.
Мысырдың бұрынғы Әділет министрі өткен жылдың мамыр айында тек сыйлы ортадан шыққандар ғана судья бола алатынын, ал бұл жұмысқа лайықты еместерді қоқысшылардың балалары деген пікір айтқан соң қызметінен айырылды.