Басылым Данияның қауіпсіздік қызметінің кеңесіне құлақ асып, осындай шара қабылдап отыр. Газеттің Висбю қаласындағы кеңсесі биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 1 шақырым сым қорғанмен қоршалды.
10:21, 11 Тамыз 2010
Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялаған даниялық басылым өз кеңсесін айнала қоршау салды
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Осыдан 5 жыл бұрын Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялап, барша мұсылман қауымының азу-ызасын туғызған даниялық басылым лаңкестік шабуылдардан қорқып, өз кеңсесін айналдыра темір сымнан қоршау тұрғызды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.