АСТАНА. KAZINFORM - Париж Олимпиадасында 63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан боксшымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші кездесуінде де жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.
1/8 финалда жерлесіміз 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері тайбэйлік Лай Чжуэнмен жекпе-жек өткізді.
Алғашқы раунда нәтиже шамалас болып, 3:2-мен Мұхаммедсабыр басым түсті. Екінші раундта да дәл осы нәтижемен қазақстандық боксшы алда болды.
Шешуші үшінші раунда екі боксшы да барын салды, алайда төрешілер басымдықты біздің спортшыға берді.
Айта кетейік, Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық Ойер Ибареччені жарыс жолынан тайдырған еді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.