Мұхтар Әбіләзовтың заңгері Елена Тищенко Мәскеуде қамауға алынды

МӘСКЕУ. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мәскеудің Тверь аудандық соты заңгер Елена Тищенконы екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Бұрынғы банкир Мұхтар Әбіләзовтың құрылымдарының мүдделерін қорғаумен айналысатын Украина азаматшасы Елена Тищенко 31 тамыз күні Мәскеу қаласындағы "Балчуг" қонақ үйінде ұсталды. Ол мұнда Кипрден келген болатын. Тергеудің жобалауынша, Е.Тищенко Мәскеуге "БТА" банкіден ұрланған қаржыларды заңсыз заңдастыру, қайта рәсімдеу және олардың алынуына жол бермеу жөніндегі шараларды іске асыру үшін арнайы келген.

Мәскеудің Тверь аудандық сотының сейсенбі күнгі отырысы барысында тергеушілер Е.Тищенкоға қатысты қамауда ұстау түріндегі шара қолдану жөнінде өтініш білдірді. Өйткені, ол еркіндікте жүріп, басқа да осы іске қатысты адамдармен байланыс жасап, істің қаралу үрдісіне кері ықпал етуі мүмкін. Ұсталушы РФ Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" және "Қаржыны немесе басқа да мүліктерті заңсыз заңдастыру" сияқты екі бабында қарастырылған қылмысты жасады деп күдіктелуде.

Пікірталас барасында Е.Тищенко тағылған айыпты толық жалған деп тауып, ешқашан қылмыстық іспен, оның ішінде қайта рәсімдеумен айналыспағандығын және осы мәселелер бойынша мүдделі адам еместігін атап өтті.

Қорғаушылар да ұсталушының дәлелін қолдап, оның босатылуын немесе үйдегі қамақта ұстау түрінде жаза қолданылуын, ешқайда кетпеу немесе 40 млн. рубль кепілдікпен босату туралы ұсыныс айытты. Сондай-ақ, пікірталасқа қатысқан ұсталушының бұрынғы зайыбы Сергей Тищенко осы іс бойынша өзінің іс-қимылын нақты айта алмады, тек кеше ғана тергеушіге жауап бергендігін айтты.

Отырыстың қорытындысы бойынша, сот төрағасы Алексей Криворучко «1976 жылы туған Тищенко Еленаға қатысты 2013 жылдың 31 қазанына дейін қамауда ұстау туралы» шешім шығарды. Ол ҰҚТ құрамында жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты, бұдан жеңіл шара қабылдаудың мүмкін емес екендігін түсіндірді.

6 миллиард доллар ұрлады деген айыптан кейін қашып жүрген БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов Францияда, оның заңгері украиналық бизнесмен Сергейдің бұрынғы әйелі Елена Тищенконы аңду кезінде ұсталған болатын. Қазіргі уақытта М.Әбіләзов Францияда қамауда отыр.