Мұхтар Алтынбаевқа бұл атақты беру туралы шешім облыстық мәслихаттың ХІІІ кезекті сессиясында қабылданды.
Осыған дейін облыс әкімдігіне Ұлытау ауданы әкімдігінің аппараты және «Астана» Аймақтық қолбасшылығы армия генералына құрметті азаматы атағын тағайындау өтінішімен шыққан болатын.
Сондай-ақ Ардагерлер қоғамдық ұйымының Қарағанды облыстық филиалы Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ орденінің толық кавалері Камали Дүйсембековті осы атаққа ұсыну туралы өтініш жасады. Шешім бірауыздан мақұлданды.