Фильм қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтың тағдыры, шығармашылығы жайлы, сонымен қатар баспасөз бетінде, телеарналарда жиі айтыла бермейтін жазушының Ленинград қаласында оқыған кезіндегі өмірі, еңбегі туралы баяндайды. Фильмді Николай Анастасьев жүргізіп отырады.
«Бұл фильм мен үшін ерекше туындыларымның бірі. Бір күні мен Н.А.Анастасьевтың «Триумфатор трагедиясы» атты кітабын оқыдым. Осы кітапты оқып отырып үлкен әсер алдым. Кітап тамаша тілмен жазылған. Оның мазмұны да тамаша. Мен бұл кітаптан ерекше әсер алғаным соншалық, министр Мұхтар Құл-Мұхаммедке қоңырау шалып, фильм түсіру туралы ойымды айттым. Міне, бүгін енді сол еңбектің бағасын өздеріңіз берерсіздер. Тағы бір айта кететіні, аталмыш фильм бас кеңесші Мұрат Әуезовтың көмегінсіз өткен жоқ. Мен Мұрат Мұхтарұлына рахметімді айтам», - деді фильм режиссеры Александр Головинский.