Мұхтар Құл-Мұхаммед Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды
«Жақында Абай атамыздың өлеңдерін оқу эстафетасын белгіліғалым, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасыМұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға жолдаған едім. Ол кісі қабыл алып,эстафетаға өзінің үнін қосыпты. Мұхтар Абрарұлы мырза Ұлы ақынның «Көк тұман –алдыңдағы келер заман» өлеңін оқып, «мен» мен «менікінің» мәнін жеткізіпті», - деп жазады Берік Уәли өзініңәлеуметтік желідегі парақшасында.
Мұхтар Құл-Мұхаммед Абайды тану дәстүріндостары Ресейдің мемлекет қайраткері, кезінде Мәдениет министрі болған М.Е.Швыдкойға, Әзербайжанның РесейдегіЕлшісі, әйгілі әнші-композиторы, ұзақ жылдар Мәденит министрі болған ПоладБұлбұлоғлыға, Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және теxнологияларминистрі қызметін атқарған Такео Кавамураға және Иорданияның Мәдениет министріболған Нэнси Бакир xанымдарға жолдады.
Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.