Мұхтар Ниязов республикалық айтыстан көлік ұтты
Шақшақ Жәнібектің 325 жылдығына, Ақсұлу Орысбайқызының 145 жылдығына, Қайнекей Жармағамбетовтің 100 жылдығына арналған сөз бәйгесі Қостанайдағы Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылды. Екі күнге созылған айтысқа Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Қазірет Бердіхан, Мейірбек Сұлтанхан, Салтанат Өтелбаева, Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан, Тоба Өтепбаев, Батырлан Сағынтаев, Азамат Мәлжанбай, Медет Байзақов, Марат Ахметов, Марғұлан Оспанов сияқты елге танымал ақындар қатысты. Жүргізуші - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман.
Әділ қазылар құрамында халық ақындары Әсия Беркенова мен Әселхан Қалыбекова, белгілі ақын, драматург Ақылбек Шаяхмет, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Нұрқанат Құлабаев және ақын Бауыржан Халиолла болды.
1-орынды Шұғайып Сезімxан алды. Оған 800000 теңге сыйақы берілді. Екінші орынды Қазірет Бердіxан мен Айбек Қалиев қанжығалады. Ал 3-орын Марат Аxметов пен Мейірбек Сұлтанxанға бұйырды.
Айтыс қорытындысында ақындарға атаулы сыйлықтар тапсырылды. Жақында Қызылордада өтетін республикалық айтысқа Қостанайдан Тоба Өтепбаев баратын болды