Мұхтар Тайжан: Ұлттық кеңес жұмысына атсалысуға дайынмын

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық кеңестің мүшесі Мұхтар Тайжан ұйымға кірудегі өзінің мақсаттарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Ұлттық қоғамдық кеңесшынайы диалог алаңына айналады деген пікір білдірді.

«Өз басым бұрыннан айтып келе жатырмын. Билік пен қоғамарасында диалог құратын жүйе болу керек. Сондықтан, биліктің нақты осы қадамын қолдаймын. Мұндайтұрақты түрде жұмыс істейтін жиын бәрімізге қажетті деп білемін. БіздіңҚазақстанымыз болашақта өркениетті, құқықтық, демократиялық, шынайы нарықтықмемлекетке айналуы керек. Бұл кеңескекірудегі өзімнің мақсатым осы. Біз келешек ұрпаққа өте өркениетті мемлекеттіқалдырып кетуіміз қажет. Осы кеңес солбасты мақсатымызға нақты қадам боладыдеп үміттенемін. Сондықтан өз басым кеңестің жұмысына атсалысуға дайынмын», - деген саясаткер кеңестіңжұмысы ашық болатынына сенім білдірді.

«Біздің жұмысымыз міндетті түрде ашық болады. Өзмақсатымызды өзгертпейміз. Бірте-бірте ортақ мақсатқа жетеміз деген үміт бар.Ең бастысы, кеңестің жұмысында ешқандай шеңбер жоқ. Ел өмірін жақсартуға қатысты шаруалардың бәрін қамтитынболады», - деді Мұхтар Тайжан.



Фото: dalanews.kz

Соңғы жаңалықтар