Мұхтар Тілеуберді Азия және Еуропа елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ирландия, Люксембург, Латвия, Индонезия, Польша, Венгрия, Болгария, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Сингапур, Таиланд және Словакия СІМ басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы олармен «Азия-Еуропа» форумына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерінің 14-ші кеңесінің (СІМК) алаңында жүздесті.

Әріптестер Министр М. Тілеубердіні ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің халқына одан әрі өркендеу мен ілгерілеу тіледі.