ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, тараптар саяси, инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан-Финляндия өзара іс-қимылын одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, телекоммуникация, цифрландыру, көлік логистикасы және медицина салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары айқындалды.
Іс-сапар барысында фин министрімен бірге «Nokia», «Kone», «Nurminen Logistics» және «Planmeca» сияқты Финляндия компанияларының басшылары келді.