Ведомствоның мәліметінше, тараптар Украинадағы қазіргі жағдайды және Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөз перспективасын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.
21:38, 29 Сәуір 2022
Мұхтар Тілеуберді мен Дмитрий Кулеба Украинадағы қазіргі жағдайды талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.