Мұхтар Тілеуберді Ташкентте өткен халықаралық конференцияға қатысты
Конференцияның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде М.Тілеуберді өңіраралық ынтымақтастықтың тарихи өзара байланысы мен қазіргі деңгейін атап өтті, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде ұсыныстар енгізді. Конференция барысында Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуі жағдайында гуманитарлық қолдау көрсетуді қоса алғанда, қауіпсіздік саласындағы бірлескен күш-жігерді арттыру, сондай-ақ ШЫҰ, ЕАЭО және АӨСШК сияқты көпжақты тетіктер мен бірлестіктердің рөлін арттыру тақырыптары талқыланды.
Министр М.Тілеуберді Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеёвпен кездесті. Екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау кезінде өзбек басшысы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының жақын арада іске қосылуына ерекше назар аударды. Қазақстан делегациясының мүшелері қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық салаларға арналған үш секторалдық сессияға да белсене қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің өңірлік өзара байланысты дамыту туралы Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.