Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері - танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде.
«Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында», - дейді фильмнің режиссері Қалымбетов.
Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ.
Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.