«Болмыс, рух дегендер ақын Мұқағали үшін бөлінбейтін тұтас бір дүние. Ол - әлем. Мұқағали әлемін анықтайтын қазақы болмыс, қазақ рухы. Бір шетінен екінші шеті 3 мың шақырымды құрайтын қазақ даласы ақынның шөлін қандырған рухани азығы. Сондықтан қай өңірге барсаң да алдыңнан Мұқағали шыға келеді. Мектеп оқушыларынан бастап еңкейген кәріге дейін оның өлеңдерін жатқа оқиды», - дейді Ғарифолла Есім. Оның айтуынша, ақындық ғұламалық деген кезде қолданатын өлшем бар. Ол - хакім. Яғни Мұқағали хакім. Хакім деген - дүние сырын іздеуші. «Мұқағалидың дінді ғылымнан жоғары қоюы - жаңалық. Ол ғылымда енді ғана айқындала бастаған жәйт. Мұқағали өмір сүрген заманда ғылым мен білім жоғары саналатын. Ғылым жаратушының жаратқан кереметтерін зерттейді. Жаратушының өзін зерттей алмайды. Мұқағали сондықтан да "Дін - ғылымның анасы" деген түйін жасаған. Бұл қазақты дінтануда өзгелерден алға шығарып отыр», - дейді философия ғылымының докторы, профессор Ғ.Есім.
13:15, 01 Тамыз 2011
Мұқағалидың дінді ғылымнан жоғары қоюы - жаңалық - Ғарифолла Есім
АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Мұқағалидың "Дін - ғылымның анасы" деген түйіні қазір «Дінтану негіздері» деген оқулыққа енді", - деді ҚР Парламент Сенатының депутаты, академик Ғарифола Есім өткен демалыс күндері Алматы облысы Райымбек ауданында Қарасаз ауылы мен Шәлкөде жайлауында өткен Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған тойда.