Өзге елді мекендер үшін базалық құн бұрынғы деңгейде қалады. Бұл туралы салық салу жөніндегі заңнамаға түзетулерді Мәжілісте таныстыру барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен.
Ерболат Досаев өзгерістердің аудандық маңызы бар қалаларға, кенттерге, ауылдарға қолданылмайтынын баса атап өтті.
Астана және Алматы қалалары үшін қолданыстағы базалық құны 30 000 теңге/ш.м., облыс орталықтары үшін - 18 000 теңге/ш.м.
150 шаршы метрден жоғары пәтерлер және 300 шаршы метрден жоғары тұрғын үйлер үшін үшке тең болатын арттыру коэффициенті енгізілуде.
Белгілі кезең ішінде пайдаланылмаған тұрғын үй немесе өзге құрылысқа арналған жерге салық мөлшерлемесін 10 еселенген мөлшерге арттыру ұсынылады. Бұл шара жерді ұтымды пайдалану қажеттігінен туындап отыр.