Мүлікті жария етуге берілген өтініштерді қарау мерзімі сақталуы тиіс - Сұлтанов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүлікті жария етуге берілген өтініштерді қарау мерзімі бұзылмауы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 айдың қорытындысы бойынша әкімшілік жанындағы комиссиялар арқылы мүлікті жария етудің орташа айлық қарқыны 48 млрд теңгені құрады. 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда орташа 2 есеге өсіп отыр. Қостанай облысында, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында айтарлықтай оң өсу қарқыны байқалады. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында жария ету қарқыны төмен болып қалуда», - деді министр.

Сонымен қатар,  Б.Сұлтанов әлі күнге дейін комиссиялардың өтініштерді уақтылы қарауы өзекті мәселе болып отырғанын баса айтты.

«Біздің есебіміз бойынша қыркүйектің соңына 3 өңір бойынша жалпы 458,6 млн теңге сомасына бұзушылықтар орын алып отыр. Оның ішінде: Ақмола облысы  348,8 млн теңге, Маңгыстау облысы  91,3 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысы  18,9 млн теңге. Сондықтан, тағы да аталған мәселе бойынша өңір басшыларына ұдайы бақылауды назарда ұстау керектігін айтқым келеді. Өтініштерді қарау мерзімін бұзу фактілері мүлдем болмауға тиіс», -  деді ол.