— Қолданыстағы салық заңнамасы аясында коммерциялық емес ұйымдар саналатын мүлік иелерінің бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтері үшін салық салудың арнайы тәртібі қарастырылған. Осыған байланысты оларды корпоративтік табыс салығынан бөлек босату ұсынысы қолдау таппайды, — деді Үкімет басшысы.
Дегенмен, Премьер-министрдің атап өтуінше, бұл мәселені Салық кодексіне өзгерістер енгізбей-ақ, тұрғын үй қатынастары туралы заңнамада МИБ пен ПИК-тің қайталама шикізатты өткізуден түсетін қаражатының құқықтық мәртебесі мен мақсатты пайдаланылуын айқындау арқылы реттеуге болады.
— Егер МИБ немесе ПИК қайталама шикізатты өткізуден түскен қаражаттың толық көлемін кондоминиум нысанын басқаруға және оны күтіп-ұстауға жұмсаса, салық салынатын табыс қалыптаспайды және корпоративтік табыс салығын төлеу міндеттемесі туындамайды, — деді Олжас Бектенов.
Бұған дейн ол Құрылтай депутаттарының «Таза үй — Таза ел» жобасына ұлттық мәртебе беру ұсынысына жауап берген еді.