деп хабарлайды BNews.kz .
Бұл Делиде Қазақстан мен Үндістанның авиациялық ведомстволары басшыларының арасындағы екіжақты келісімге қол жеткізілгеннен соң мүмкін болды. Үндістандық әуе компаниялары да өз жолаушыларын енді тікелей рейс арқылы Астанаға, Қарағанды мен Шымкентке жеткізе алады.
ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың айтуынша, жаңа бағыттар еліміздің транзиттік әлеуетін жүзеге асырудағы осынау жарқын оқиға өз кезегінде отандық бизнес пен экономиканың дамуына айтарлықтай ықпал етпек.
Айта кетсек, үш рейс бойынша Қазақстаннан Үндістанға ұшу жиілігі аптасына 14-ке жетеді.