Заңды бұзғандар ірі көлемдегі айыппұл төлеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
Осыған ұқсас заң Үндістанның көптеген штаттарында бар, алайда мұндай ереже әкімшілік орталығы Мумбаи қаласы болып табылатын Махараштра штатында болмаған еді.
Үндістан халқының 80 пайызы сиыр киелі жануар болып саналатын индуизмді ұстанады.
Бұл елдегі сатылымда бар ірі қара мал етінің көптеген бөлігі киелі болып саналмайтын азиялық енекенің (буйвол) еті, деп жазады Би-би-си.