Мумбаида соңғы жүз жыл ішіндегі ең үлкен толқын көтерілуі мүмкін

АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - Мумбаи қаласында соңғы 100 жыл ішіндегі ең үлкен толқын көтерілуі мүмкін,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Үндістанның осы қаласының жағалаудағы аумағынан 200-ге жуық адам көшірілді. Жергілікті билік мектептер мен университеттерді жабуға ұсыныс жасады және ата-аналарға балаларды көшеге шығармау жөнінде кеңес берді.

Соңғы екі күнде табиғат апаты Мумбаидың беріктігіне сын болды - сәрсенбіде жағалаудағы өңірде биіктігі 4,85 метрлік толқын көтерілді. Бейсенбіде теңіз суы қалаға тағы да ұмтылды және қаланың бірнеше көшесін басып қалды.