Акция барысында «Республикалық оқушылар сарайының» жас өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталады.
Бұған дейін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Астана» радиосы 15 жылдық мерейтойына орай, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Ертегі тыңдап, әлемді таны» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырған болатын. Онда жанарынан айрылған балалар үшін арнайы 3 тілде оқылған ертегілер жинағы CD-дискіге басылып, 1,5 мың тиражбен еліміздегі мамандандырылған 22 мекеменің тәрбиеленушілеріне үлестірілді. Осы дискілер қайырымдылық шарасы барысында «Алтын бесік» мамандандырылған балалар бақшасының тәрбиеленушілеріне де беріледі.