Бүгін Астанада өткен «Шебер-Керуен фестивалінде есту қабілеті нашар қолөнершілердің қолынан шыққан дүниелер халық назарына ұсынылды. «Бұл қолөнершілер ЭКСПО көрмесіне қатысады дегенге қатты үміттіміз»,-деді Мунхтуя Алтангерел.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған фестивальға 70-тен астам дарынды қолөнер шебері қатысып жатыр.
«Біз іздеп тапқан таланатты қолөнершілер осылар. БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы еліміз бойынша екі жүзге жуық қолөнершілерді оқытқан болатын»,-дейді М.Алтангерел.
Қолөнершілердің арасында үй шаруасында отырған әйелдер де, қолөнерді кәсіп еткен бизнесмендер де, онымен әуестеніп, хоббиі еткен адамдар да бар.