Қазақстанда тұңғыш рет өткізілетін байқаудың қатысушылары - тағдырдың түрлі себебімен мүгедектік арбаға таңылған қыз-келіншектер. Олар физикалық тұрғыда мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, рухани мүмкіндіктері шексіз, деп жазды «Алматы әйелдер клубы» Facebook-тағы парақшаларына.
«Біз оларға қоғамға сіңісуге, айналадағы адамдардың қолдауын сезінуге, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге қолғабыс еткіміз келеді. Анағұрлым толық ақпаратты қосымша орналастыратын боламыз», - делінген жазбада.