«Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы республикалық «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» байқауының аясында 2013 жылдың 2-7 тамыз аралығында іріктеу кезеңі өтті. Әр аталым бойынша қазылар байқаудың жеңімпаздарын анықтады» деп ведомствоның баспасөз хабарламасында жазылған.
Салтанатты марапаттау рәсімі 13 тамыз күні Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы даңғылы, 5) 15-00-де өтеді. Марапаттау 8 аталым бойынша: «Үздік әлеуметтік жоба», «Ең үздік мамандық иесі», «Үздік би», «Үздік орындаушы», «Ең тату отбасы», «Үздік жасампаз», «Үздік спортшы» және «Жеңіске жігер танытқаны үшін» дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.