Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Тұлпар-Тальго» пойызымен жүруге жеңілдіктер енгізілді - ҚТЖ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз халықаралық мерекесі қарсаңында көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Қазақстан темір жолы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойызымен жүруге әлеуметтік жеңілдіктер енгізетінін хабарлайды, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы «Қамқор» дисконтты картасы шығарылды. Егер «Тұлпар-Тальго» пойызымен жол жүретін болса «Қамқор» дисконтты картасы бар жолаушы 50 пайыздық жеңілдікке ие болады. Дисконттық картаның мерзімі-шектеусіз.
Қазіргі уақытта «Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті сатып алу мерзіміне (пойыздың жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты қосымша 40 пайызға дейін жеңілдіктер жарияланды. Ендеше «Қамқор» дисконтты картасы бар жолаушы ала қам жасап, күні бұрын билет алса 90 пайызға дейін жеңілдікке қол жеткізе алады.
Жеңілдіктер жүйесі «Тұлпар-Тальго» пойыздарының төмендегі бағыттарында қарастырылған: №1/2 «Алматы-Астана», №19/20 «Астана-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №67/68 «Астана-Защита», №69/70 «Алматы-Защита», №79/80 «Астана-Шымкент», №87/88 «Астана-Актөбе», №89/90 «Астана-Қызылорда», №701/702 «Алматы-Петропавловск».
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 500 000 шамасында мүмкіндігі шектеулі жандар бар.
Дисконтты карталар жөнінде қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады: 8-(71-72)600-249, 8-(71-72)600-178.