Бірлестік басшысының айтуынша, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты проблема мәселенің мәнін терең түсінбеуден, сондай-ақ осы саладағы мамандарда тиісті білімнің жоқтығында болып отыр.
«Сондықтан да, аталған мәселені шешу үшін коммерциялық емес ұйым түріндегі сапаны бақылау және біліктілікті арттыру жөніндегі тәуелсіз сараптаманың республикалық орталығын құру қажет», - дейді Ж. Омарбекова. Оның айтуынша, арнайы әлеуметтік қызметкерлер тарапынан кәсібилікке сай емес әрекеттер де орын алып жатады. Бұл әсіресе, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қандай да бір әлеуметтік нысанның қолжетімділігін бағалауда жиі кездеседі. «Біздің конфедерацияға келіп, арбаға таңылған бір адамды әкетеді, сосын оны теміржол вокзалына апарып, ары бері кедергілерден өткізіп: «Былай дұрыс па? Мынау қалай?» деп сынап көреді. Мәселені осылай шешуге бола ма екен? Бұл дұрыс емес!», - дейді Ж. Омарбекова.